Қоғам

«Топырағың торқа болсын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

«Топырағың торқа болсын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне құран бағыштап, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ол жолдасының өмірден өткеніне төрт болғанын айтты.

«Қарашаның ызғары… Қайрекеңнің бақилық болғанына бүгін төрт жыл… Өзіңсіз төрт күз, үш қыс, төрт көктем өтті. Бірақ сен кеткен қарашаның ызғары бәрібір жүрегімізден кеткен жоқ…Уақыт емдемейді екен. Тек сағынышпен өмір сүруді үйретеді. Оңай емес… Қатты қиналған сәттерде ешкімге көрсетпей, кейде оңаша жылап аламын. Шыным. Кейде сенімен ойша сөйлесемін, сырласамын…Қайреке, Сағадат пен Сардар өсіп келеді. Жиен немерең Таймас өмірге келді. Үлкен немерең Ажар шетелде білім алып жүр. Ағайын-туыс аман. Сені сағынышпен еске алып, үнемі дұғасына қосып жүретін жақындарың бар. Соның бәріне шүкіршілік етемін. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Алла алдынан жарылқасын», – деп жазды ол.

Барлық жаңалық