Қоғам

«Тәжік жігітке күйеуге шығып кеткен бе»: Аша Матай өзге елде көзге түсті

«Тәжік жігітке күйеуге шығып кеткен бе»: Аша Матай өзге елде көзге түсті

Танымал тележүргізуші Аша Матай Тәжікстан астанасы Душанбеге сапарынан жазба жариялап, қалада жүзеге асырылып жатқан DUSHANBE INTERNATIONAL DISTRICT жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Өнер иесі жобаның ауқымы өзіне ерекше әсер еткенін айтып, жаңа аудан толық іске қосылғаннан кейін Душанбенің сәулеттік келбеті қалай өзгеретінін көру қызық екенін жеткізді.

«Точикистон, ба пеш! Жобаның ауқымы шынымен де әсерлі. DUSHANBE INTERNATIONAL DISTRICT толық жүзеге асқанда қандай болатынын және Душанбе қаласының сәулеттік келбетіне қандай өзгеріс әкелетінін көру мен үшін қызық. Сәттілік тілеймін!», – деп жазды Аша Матай.

Сондай-ақ тележүргізуші орыс тіліндегі жазбасында Душанбе қаласының әдемі әрі заманауи бағытта дамып келе жатқанын және үлкен амбициясы барын атап өтті.

Аша Матай жарияланымына DUSHANBE INTERNATIONAL DISTRICT жобасының парақшасын белгілеп, Душанбедегі сапарынан фотосуреттерін қоса жариялаған.

Барлық жаңалық