Павлодар облысы

Павлодарда салынып жатқан ғимараттың астынан ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда салынып жатқан ғимараттың астынан ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда құтқарушылар үш қабатты салынып жатқан ғимараттың астында қалып қойған ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Төтенше жағдай 7 қараша кешкісін құрылыс алаңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың жабын плитасы опырылып, үш адам зардап шеккен. Олардың екеуі орташа жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Ал үшінші, 58 жастағы ер адам үйіндінің астында қалған.

 

Оқиға орнында шұғыл штаб құрылып, іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 20 құтқарушы мен 6 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ кинологтар мен жылу іздегіш дрон қолданылған. Құтқарушылар қауіпті жағдайда, қирандылар арасынан іздеу жұмыстарын жалғастырды.

 

8 қараша таңғы уақытта кинологтар мен құтқарушылардың бірлескен күшімен ер адамның мәйіті табылып, сағат 04:31-де үйінді астынан шығарылды.Қазір оқиғаның себебі мен кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.

Барлық жаңалық