Павлодар облысы

Павлодар облысында ірі жол апаты: екі адам оқиға орнында қаза тапты (ВИДЕО)

Павлодар облысында ірі жол апаты: екі адам оқиға орнында қаза тапты (ВИДЕО)

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Оқиға 11 қазан күні Омбы – Майқапшағай автожолының бойында, Қызылқоғам ауылынан шамамен 3 шақырым жерде болған.

 

Полиция мәліметінше, ВАЗ-2110 маркалы көліктің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығына байланысты рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде көлік қарсы бағыттағы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

 

Павлодар облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғаған.

 

Барлық жаңалық