Павлодар облысында жолаушылар автобусы аударылып, бір адам көз жұмды, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 қараша күні «Павлодар–Қызылорда» тас жолының бойында, Шидерты ауылынан шамамен 10 шақырым жерде болған. Алдын ала деректер бойынша, рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус жол жиегіне түсіп кеткен.
Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапқан, тағы алты адам әртүрлі дене жарақатын алған. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, 7 қараша сағат 20:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына (боран, көктайғақ, нашар көріну) байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылған болатын.