Шоу-бизнес

"Өзбек келін алу керек еді деді": Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі енесі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

"Өзбек келін алу керек еді деді": Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі енесі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым өзі хабарласып, сұхбат беруге ниет білдірген, деп хабарлайды  ozgeris.info.

«Белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым маған хабарласып, сұхбат алуымды өтінді. Өздеріңіз білесіздер, ол көпбалалы ана ретінде жол апатына түсіп, кейін сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Гүлайымның айтуынша, бұл қиын кезеңде отбасы үлкен сынаққа ұшырап, тағы бір соққы алған», – деп жазды журналист.

Гүлайым Рахмонованың сөзінше, отбасындағы түсініспеушіліктердің туындауына негізгі себептердің бірі – қайын енесімен арадағы қарым-қатынас болған. Оның айтуынша, спортшының анасы келініне көңілі толмай, ұлын өзге ұлт өкіліне үйлендірмегеніне өкініш білдіріп отырған.

Осы жағдайлар отбасы ішіндегі ахуалға әсер етіп, қиын кезеңде психологиялық қысымды одан әрі күшейткенін атап өтті. Қазіргі таңда бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде.

Барлық жаңалық