«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары мен «Оператор РОП» ЖШС басшылығы электр қуатын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт құрылысын жеке ұйымның заңсыз қаржыландыруы арқылы кәдеге жарату төлемі түрінде жиналған 180 миллиард теңгені жымқырмақ болған», – делінген Агенттік баспасөз қызметінің хабарламасында.Бұл ретте департаментте нақтылағандай, электр қуатын мемлекет 15 жыл бойы негізсіз жоғары тарифпен сатып алуға және жеке компанияны миллиардтаған табыспен қамтамасыз етуге кепілдік берген.
«Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басшылары қамауда отыр. Кінә бойынша соңғы шешімді сот анықтайды», – делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Ozgeris.info порталы