Бағдарлама отандық білім берудің топ-менеджерлеріне арналған ең өзекті және креативті форматтарды қамтиды: «Қалай табысқа жетуге болады?» кейс-сессиялары, эмоционалды құзыреттілік бойынша креативті практикум, мектептегі Talent-Management бойынша «Мұғалімдерді шабыттандырамыз» форсайт-сессиясы, ата-аналар, оқушылар және мектеп басшыларына арналған ұжымдық дискуссия, «Цифрлық менеджментке арналған құралдар» Digital-сессия және басқалары.
Шетелдік тәжірибелерді «360-мектептің» тең директоры, британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы кеңесінің мүшесі Сара Селезнев, Таллин ғылыми мектебінің басшысы, Эстония мұғалімдері одағының төрағасы Мэдис Сомэлар, Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон таныстырды. Олардың барлығы жаһандық педагогикадағы стратегиялық және жұмыс алгоритмдері бір екенін және көшбасшылардың негізгі бағдары көп жағдайда ұлттық білім беру жүйесіне емес, көшбасшылардың жеке стандарттарына байланысты екенін растады.
– Көшбасшылар интенсиві идеясының өзі «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас мұғалімдердің республикалық форумында туған. Жоспарлары батыл біздің жас мұғалімдер мектеп директорларын бір алаңда жинау туралы ұсыныс тастады. Содан кейін біз арнайы білім беру жүйесіндегі менеджерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жаңа платформа құрамыз деп шештік», – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.
Автор: Мира Алипинова