Әнші Роза Әлқожа жас босанған ананың күтімі туралы сөз қозғап, өзіне енесі қарайласпағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бес бала дүниеге әкелгенде демалуды білмегенін жасырмады.
"Енем мен бала туған кезде сені күте алмаймын ондайды білмеймін, мені күтпеген деді. Жақсы дедім, бес бала тудым ешқайсында күтінген жоқпын, шауып жұмыс істеп кете бердім. Ал мен келініме олай істемеймін, келінімді жатқызып қойып күттім. Өзі үй жинап, ыдыс жуып, тамақ істедім. Өйткені ол менің ұрпағымның анасы. Қайдан білсең оннан біл, қазір ақпарат көп қой. Күтуді үйренуге болады. Мал төлдеген кезде де қарайсың ғой, қозы туылғанда жаның ашиды. Оның қасында адам туылып жатыр ғой. Сондықтан мен өзгерісті өзімнен бастадым"