Шоу-бизнес

«Келесі жылы той»: Медеу Орынбаев ел күтпеген жаңалығын айтты

«Келесі жылы той»: Медеу Орынбаев ел күтпеген жаңалығын айтты

Әнші Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасына қатысып, отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің сөзінше, келесі жылы ұлын үйлендіру жоспарда бар. Қазір оның сүйген қызы бар және екеуі жарасымды қарым-қатынаста.

Медеу Арынбаев баласының жеке өміріне араласпайтынын, жастардың таңдауына құрметпен қарайтынын айтты.

"Келесі жылы ұлымды үйлендірсек деген ойымыз бар. Қазір сүйген қызы бар, екеуі жақсы араласып жүр. Барлығын өзі шешеді, мен ешқандай талап қоймаймын. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз", – деді әнші.

Сондай-ақ ол жастарға әрдайым ата-ананың сенімін ақтап, өзара түсіністікпен өмір сүрудің маңызын айтып жүретінін жеткізді.

"Ең бастысы – бір-бірін түсініп, өз бақыттарын бірге тапса болғаны", – деді Медеу Арынбаев.

Барлық жаңалық