Шоу-бизнес

"Тағдырдың сыйы": Наркенже Серікбаева үшінші рет тұрмысқа шыға ма

"Тағдырдың сыйы": Наркенже Серікбаева үшінші рет тұрмысқа шыға ма

Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында махаббат пен адам бақыты туралы ой бөлісіп, оқырмандарына жүрекке әсер ететін жазба арнады, деп жазады Ozgeris.info.

Өнер иесі шынайы сезім адамның болмысын өзгертпейтінін, керісінше оны өз қалпындағы ең бақытты жанға айналдыратынын атап өтті.

«Шынайы махаббат адамды өзгертпейді, оны өз қалпындағы ең бақытты адамға айналдырады. Сондықтан жүрегің қайта дүрсілдесе, қорықпа. Мүмкін, бұл – тағдырдың саған сыйлаған ең әдемі мүмкіндігі шығар…», – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, оның айтқан ойымен келісетіндерін жазған. Кейбірі бұл сөздерді өнер иесінің жеке өмірімен байланыстырып та үлгерген.

Барлық жаңалық