Астана полициясы жариялаған видеоларында бейәдеп сөздер айтқан белгілі поп-ММА боецы әрі блогер Мирас Беркинбаевтың қамауға алынғанын хабарлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Астана қалалық ПД мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері ер адамның «қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған» видеожазбасын анықтаған.
«Бейнежазба TikTok әлеуметтік желісінде жариялау үшін түсірілгені анықталды. Кейін ер адам оны өз парақшасына орналастырып, құқыққа қайшы контентті ашық таратқан. Құқық бұзушының жеке басы жедел анықталды. Ол 32 жастағы Мирас Беркинбаев болып шықты», - деп хабарлады ПД.
Айта кетейік, Мирас Беркинбаев (Мигель Коуч) танымал поп-ММА спортшысы, сондай-ақ Instagram және TikTok желілерінде белсенді блог жүргізеді.
Жасалған құқық бұзушылық үшін сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырып жатқанын қоса айтты.