Нумеролог, психолог Ирина Раззах өзінің кезекті сұхбатында блогер Ырысбала Икрамбай туралы айтты, деп жазады Ozgeris.info.
Ол журналист Анна Данченкоға берген эксклюзив сұхбатында Диана мен Ырысбаланың арасындағы соттың немен біткенін жайып салды.
"Ырыбала жөніне қарамай өтірік ақпарат таратты деп Диананы сотқа берді. Содан екеуі соттаса келе, сот Ырысбаланың банк выпискасын шығаруға рұқсат береді. Ол жердегі ақшаларды көрген кезде шогым шок болды. Өздері сауатсыз ғой, 2023 жылға дейін өзінің есепшотына алған. Ол жерге енді өте қомақты ақша түскен. Бір адамға үйді уақытылы алып бермеген, мектебі жоқ, адам бармайтын жерден лашық алып берген. Оның ақшасы алып берген үйінен өте көп. Тұрсын Алагөзовтің өзі шок болатын шығар ана ақшаны көрсе. 2023-те бәрін жаптым, тыныш болады деп ойлаған шығар. Блогерлер Айнұр Тұрсынбаевадан үйрену керек еді. Ешкімді түрткен жоқ. Ал Диана жеңіп шықты. Выписка шығып кетті, оның ақпараты дұрыс болды. Сол арқылы Ырысбаланы сотқа берсе де болады. Себебі дәлел бар", деді ол.
Айта кетейік, Диана есімді желі қолданушысы Ырысбала Икрамбайдың қайырымдылық әрекеттерін тексеру керек екенін айтқан еді.