Шоу-бизнес

"Ел бәрін біледі...": Ерке Есмахан жас күйеуі туралы ашық жазды

"Ел бәрін біледі...": Ерке Есмахан жас күйеуі туралы ашық жазды

Әнші Ерке Есмахан жұбайы Раймға деген сезімін білдіріп, оның өзіне әрдайым қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі өнерде де, өмірде де ең үлкен тірегі жұбайы екенін жасырмады.

«Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені “әлемнің ең кереметіне теңеушім” – Райм екенін. Райм, барлығы үшін рахмет. Сүйем сені! Тек менде күйеу бардай, “күйеуім, күйеуім” деп айта беретінім де осы. Қыздар, сіздерге де дәл осы видеодағыдай қанатыңды қақтырып, биікке ұшыратын жар тілеймін», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ерке Есмахан ер азаматтың қадірі жасына емес, жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

«Еркек болу жасқа қарамайды! Ер адамның ата-анасының жағдайын жасап, сыйлап, жақындарына көмек беріп, әйелі, балаларына қамқор болып, қоғамда өз орынын табу тек санасына байланысты деп білемін. Ер азаматтар аман болсын!», – деді ол.

Барлық жаңалық