Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева кеше ұзатылған Айнараның артынан дүниесін апарып сынға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Аяулым Жорабаева өзінің жеңге ретінде алғаш қыздың артынан дүние әкеліп жатқанын айтып, қыздың киімдерін көрсетті. Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Киімі аз», «Тек киім апарған ба?», «Төсек-көрпелері қайда?», «Дәмдерді дастарханға салмаушы ме ді», «Не бергенін түсінбей жатырмыз, әп-әдемі киімдерді ашып көрсетсеңдер болмай ма?», «Басқа шамасы келмейтін қыздар үшін ыңғайсыз», «Қайын апаңыздың атын қалай айтасыз?», «Қылықтары жасанды», «Өте көп сөйлейді екенсіз», «Нақты - нақты сөйлеу керек, тым ұзақ сөйледіңіз», деді олар.
Блогер көп сынға әлеуметтік желісінде арнайы жазба арнады.
«Блогер болған соң, контент ретінде бәрін түсіргім келді. Бірақ, мобилографымның телефоны қызып, өшіп қалыпты. Сол себепті 1 чемодан әдемі - әдемі образдар да видеоға түспей қалыпты. Ең бастысы - құдаларымызға көрсеткен дүниеміз ұнады- деп жазды.
Сонымен қатар, Алтынай Жорабаеваның келіні жолдасы екеуіне құдаларының құрмет көрсетіп шапан жауып, жылқы бергенін айтты.