Танымал психолог Индира Раззах журналист Анна Данченкоға сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева жайлы пікір білдірді.
Айтуынша блогерді түрмеден құтқарып, ескерту жасалғанымен, оны тыңдамаған.
"Жузефина ол кісілерге қоңырау шалады. Менде осындай жағдай болып тұр. Кімге хабарласарымды білмедім. Сіздерге хабарласып тұрмын. Сосын ол кісілер маған шығады. Сіздің танысыңыз еді ғой, бізге шығып жатыр деді. Ол қамалайын деп тұрған жерінен құтқарып алды. Сұхбаттан кейін Дархан үстінен арыз түсіріпті деп айтты. Бірақ ол жерде басқа да оқиғалар болған екен. Біз оны шығарып алғаннан кейін, ертесі шай үстінде "қызым" деп тұрып ақылын айтты. "Мына нәрсе жабылғанша 2 ай сен тыныш бол, абай бол. Бұл тірлігіңді істеме", - деді. Ешқандай осознание жоқ. Бұл қыз өз ісін ары қарай жалғастыра береді. Бұл қызды бекер құтқардық деген түсінікке келдім", - деді ол.