Шоу-бизнес

Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады

Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады

Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлішер есімде азамат Алтынайдың бірінші некесінен туған қызға бақыт тіледі. 

"Бақытты болыңдар, балапандарым", деп жазды ол. 

Осыдан кейін әйелі Алтынай екеуі де бірігіп пост жариялады. 

"Қызым, сен қайда жүрсең де, біздің дұғамыз әрдайым сенімен бірге. Барған жеріңде бағың жансын, жүзіңнен күлкі кетпесін, отбасыңның берекесі болып, ұрпағыңның қызығын көр. Алла екі дүниенің бақытына кенелтсін. Әмин", деп жазды Алтынай ортақ жазба ретінде. 

Желі қолданушылары екеуіне тәнті болып түрлі пікір білдірді. 

 

Барлық жаңалық