Жаңалықтар

"Қабырғамызды қайыстырды": Қос ұлымен ажал құшқан әке мен балалардың суреті тарады (ВИДЕО)

"Қабырғамызды қайыстырды": Қос ұлымен ажал құшқан әке мен балалардың суреті тарады (ВИДЕО)

Желіде Павлодар облысындағы қайғылы оқиғаның құрбаны болған жұмысшылардың суреті тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Арасында жасөспірім бар: Павлодарда 6 адамның өмірін қиған оқыс оқиға тіркелді

Мәлімет бойынша, қаза тапқан жандардың ішінде бір әулеттің үш адамы бар. TikTok желісінде тараған видеодан марқұмдардың қырық күндігі тамыз айының аяғында өтетіні белгілі болды. Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды. 
 
"Көрші ауылдың адамдары еді, естігенде жаман болдық", "Әулетіміздің қабырғасын қайыстырды. Апатайымызға, туыстарымызға сабыр берсін", "Қыршын кеткен балапандар", "Қандай ауыр сынақ", "Тас түскен жеріне ауыр. Танымайтын бізге де ауыр тиіп жатыр", деді көпшілік. 

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, оларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.

«Қаза болған жандардың отбасыларына мемлекет тарапынан да және жұмыс беруші тарапынан да кешенді қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді және несиелерін өтеуге жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ компания кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады», - деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық жаңалық