Жаңалықтар

Арасында жасөспірім бар: Павлодарда 6 адамның өмірін қиған оқыс оқиға тіркелді

Арасында жасөспірім бар: Павлодарда 6 адамның өмірін қиған оқыс оқиға тіркелді

Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан жергілікті серіктестіктердің бірінің аумағында болған қайғылы оқиғадан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 20 шілде күні сағат 12:01-де тіркелген. Ер адамдар кәріз құдығындағы электр сорғысын жөндеу кезінде қаза болған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты адамның мәйіті табылған. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар.

Сонымен қатар, 1988 жылы туған тағы бір ер адам орташа дәрежедегі иіс газынан улану белгілерімен Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, сондықтан облыс орталығына тасымалдау қажет емес.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.

Барлық жаңалық