Қарындасының ұзату тойында ән шырқаған Димаш Құдайберген көптің талқысына түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлемдік деңгейдегі әншінің тойда өнер көрсеткенін біреу жақтаса, біреу даттаған.
- "Димашқа тойда ән айтып не жоқ? Туған қарындасының тойында бауырымен бірге шығарған туындысын орындағанын түсінемін. Бұл оның деңгейі емес. Желіде осындай видеолары өріп жүр", "10 миллион алды", деді сынаушылар.
- "Димаш туралы ештеңе айтпау керек, тойға келгені бақыт қой", "Жақындарының тойын көтермелеп жүр", "Ол тек туысқандары үшін айтады және тегін! Қанша гонорар төлесе де тойда ән айтудан бас тартқан. Жазбас бұрын ойланыңыздар", деді әншіні жақтаушылар.