Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дөнерханада өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға салдарынан тұрғын үйден 14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды.
Өрт Алматы ауданындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қоғамдық тамақтану орнында болған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында дөнерхананың үй-жайы өртеніп жатқаны анықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар оларды баспалдақ арқылы сыртқа шығарды.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт шағын аумақта сөндірілді. Түтін басқан аймақтан барлығы 14 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.