Атырауда «Асылым» балабақшасының тәрбиешісі 1 жастағы баланы ұрып-соққан. Баланың анасы Жұлдыз Қайратқызы әлеуметтік желіде үндеу жасады,деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Менің баламды бір сағат бойы қорлаған. Тұншықтырған. Дәретханаға апарған, ол жақта камера жоқ. Баламды кабинет аралатып сүйреген. Бір жастағы балаға ұқсамайды, кішкентай өзі. Ешкімге зияны жоқ, тістемейді. Осы балабақшаға сәрсенбі күні әкелдім. Балама ертерек барайын деп алып кеттім. Балам мен келгенде өксіп тұр екен. Үйге келіп қарасақ, баламның бетінен біреу тістепті», - деді ол.
Жұлдыз Қайратқызының айтуынша, балабақшада бір қасықпен 5 балаға тамақ берген.
Жұлдыздың анасы жиенін алып кетуге барғанда да қызық оқиға болған.
«Бала қолыма тигелі жылады. Екінші күні балабақшадан кейін қарасақ, құлағы қанап жатыр. Иығын тістеп тастаған», - деді ол.