Қоғам

«Ешбір заңда жылын күт деп жазылмаған»: Әділет Зейнелдің анасы ұлының үйленгеніне қатысты пікір айтты (ВИДЕО)

    «Ешбір заңда жылын күт деп жазылмаған»: Әділет Зейнелдің анасы ұлының үйленгеніне қатысты пікір айтты (ВИДЕО)

Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі Әділет Зейнел үйленген соң  анасымен бірге алғаш рет сұхбат берді. Подкаст барысында жүргізуші Әділеттің анасынан халық «қазаның тым болмағанда жылын неге күтпегенін» сұрап жатқанын айтты,деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Ешқандай заңда жарты жыл немесе бір жыл күту керек деп жазылмаған. Мен өз баламның күлгенін, екінші жартысын тапқанын қаладым. Түнде ұйықтамай, өз балаң өзіне бірдеңе істеп қоя ма деп аңдып жүру өте үлкен қасірет. Дәретханаға кірсе, артынан еріп баратынмын. Кім не десе о десін, мен өз баламды тірі, бақытты болғанын көргім келеді. Ол барлығы үшін еркек шығар, мен үшін 100-ге келсе де бала болып қалады. Ал диванда отырып сөгіс айтатын адамдар кішкене мейірмді болуы керек», - деді Әділеттің анасы.

Еске салсақ, 2025 жылдың 30 қыркүйекте Ұлдана Мырзуан реабилитолог-дәрігер Әділет Зейнелге тұрмысқа шыққан. Екеуі 8 жыл көңіл жарастырып жүрген еді.

8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, астында бірнеше тұрғын қалып қойған. Көмекке жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде фельдшер Ұлдана Мырзуан жеткен. Құтқару жұмысы барысында ғимараттан кондиционер қондырғысы құлап, Ұлдана мен тағы бір фельдшердің басына тиді. Жалпы оқиға салдарынан 5 адам жарақат алды.

Ұлдана 10 күн бойы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін бар күшін салғанмен, 18 қараша күні 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

 

Барлық жаңалық