Шоу-бизнес

«Жылап жібердім»: Анна Данченко Баян Мақсатқызының қандай әрекетке барғанын айтты

«Жылап жібердім»: Анна Данченко Баян Мақсатқызының қандай әрекетке барғанын айтты

Жақында анасынан айырылған Анна Данченко продюсер Баян Мақсатқызына қиын сәтте көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол продюсердің жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесіп, қомақты қаржы жібергенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

«Баян Мақсатқызы, сізге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдердің бірінде маған көрсеткен жанашырлығыңыз, кең әрі мейірімді жүрегіңіз, көңіл бөліп, жылуыңызды аямағаныңыз үшін рақмет. Екеумізге ұзақ уақыт бойы тығыз жұмыс істеудің сәті түспесе де, мен сіздің адами қасиеттеріңізді әрдайым бағалайтынмын. Ал қазір сол қасиеттеріңізді көріп қана қоймай, ерекше сезіндім. Бұл туралы айтқанымды қаламауыңыз мүмкін екенін білемін. Бірақ сізге алғысымды білдірмей тұра алмаймын. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін қаншама қаражат қажет екенін түсініп, маған осындай қомақты сома жібердіңіз… Оны көрген кезде одан сайын жылап жібердім. Ақша үшін емес, сізден мұндай қамқорлық пен қолдауды мүлде күтпегендіктен көзіме жас келді. Мен ешқашан біреуден көмек күтуді немесе сұрауды әдетке айналдырған емеспін. Ата-анам бала кезімнен өзіме сенуге, қиындықтарды өз бетімше жеңуге үйретті. Сондықтан сіздің бұл әрекетіңіз маған қатты әсер етті. Жаның қатты ауырғанда, адамның жылуын ерекше сезінеді екен. Кейде бір ғана әрекет адамның жүрегі туралы мыңдаған сөзден артық айтады», – деп жазды Анна Данченко.

Сондай-ақ ол ата-анасынан айырылғаннан кейін үлкен жүректі адамдардың қадірін бұрынғыдан да тереңірек түсінгенін жеткізді.

«Қазір ата-анамсыз қалған кезде, жанында үлкен жүректі — мейірімді, ашық, дана, өзгенің қайғысын сезіне алатын және қиын сәтте ештеңе күтпестен қасынан табылатын адамдардың болуы қаншалықты қымбат екенін бұрынғыдан да жақсы түсініп жүрмін. Сізге шексіз ризамын, Баян Мақсатқызы. Ата-анамның сізге не үшін алғыс айтқысы келгенін енді түсіндім. Осындай ауыр сәтте олардың қызына жасаған жақсылығыңыз үшін ризашылығын білдірген екен. Бұл жақсылығыңыз өзіңізге және отбасыңызға міндетті түрде еселеп қайтсын. Жақындарыңыз аман болып, шаңырағыңыздан жылу мен береке кетпесін. Сізге рақмет. Шын жүректен. Мен мұны ешқашан ұмытпаймын», – деді ол.

Барлық жаңалық