Жаңалықтар

Зардап шеккендер бар: Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Жарақат алғандардың арасында екі жүргізуші мен автобус жолаушысы бар. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында Шанхай деп аталатын Застанционный көпірі маңында № 11 бағыттағы Yutong автобусы мен «ЗИЛ» жүк көлігі соқтығысты.

— Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен автобус жолаушысы жеңіл жарақат алды. Олар медициналық мекемеге жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды, — деп хабарлады ведомство.

Полиция аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесіне сай кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.




Барлық жаңалық