Қоғам

Енді Қазақстанда QR арқылы криптовалютамен төлеуге болады

Енді Қазақстанда QR арқылы криптовалютамен төлеуге болады

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді QR-код арқылы криптовалютамен төлеу мүмкіндігі іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов мәлімдеді,  деп хабарлайды Ozgeris.info

Жаңа сервисті Binance Kazakhstan пен Alatau City Bank бірлесіп іске қосқан. Пайдаланушы цифрлық активпен төлейді, ал сатушы қаражатты теңгемен алады. Қазір сервис 5 мыңнан астам сауда нүктесінде қолжетімді, 100-ден астам транзакция жасалған.

Алдағы уақытта жүйені Halyk Bank, Freedom Pay және Tarlan платформаларымен интеграциялау жоспарланып отыр. Сондай-ақ күнделікті төлемдер үшін теңгеге байланған стейблкоинді енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Барлық жаңалық