Жаңалықтар

Қонаевта бала көлік астына түсіп, қаза тапты

Қонаевта бала көлік астына түсіп, қаза тапты

Алматы облысында баланың көлік астына түсіп, қаза болуына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Әлеуметтік желіде баланың жол апатынан мерт болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 11-шағын ауданында болғаны және онда жаяу жүргіншілер жолы жоғы айтылды. 

Желі қолданушылары көшедегі жол қауіпсіздігі сақталмағанына наразы.

Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісін растады.

20 қыркүйек сағат 18:40 шамасында 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

— Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.




Барлық жаңалық