Қоғам

«Талағын беріп тастап кетті»: Жанель Мақажан ажырасуының себебін ашып жазды

«Талағын беріп тастап кетті»: Жанель Мақажан ажырасуының себебін ашып жазды

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі оқырманының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын баяндады. Өнер иесінің сөзінше, отбасылық өмірінде күйеуінің туыстарымен арадағы түсініспеушілік, қорғансыздық пен сатқындық болған, деп хабарлайды Ozgeris.info

Актриса бұрынғы жолдасының отбасы мүшелерінің ықпалынан шыға алмағанын және әйелі мен балаларын қорғамағанын мәлімдеді.

«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен. Денсаулығыңның қалай нашарлап бара жатқанын да байқамай қалады екенсің. Шешесінен сепарация жоқ, өзіңе қарсы шығып, шешесімен бірге сені өз үйіңнен қуса, ол да оңай емес», – деп жазды Жанель Мақажан.

Оның айтуынша, отбасын сақтап қалу үшін әйел адам бар күш-жігерін, уақытын және қаражатын жұмсағанымен, екінші тараптан сондай жауап болмаған. Сондай-ақ актриса бұрынғы күйеуінің опасыздық жасағанын да жеткізді.

«Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. “Бәрі керемет болады” деген аңғал үмітпен жүресің. Одан қалды сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындық жаныңды қатты ауыртады екен», – деді актриса.

Жанель Мақажан некеге дейін жігіттің отбасының қарым-қатынасына да мән беру керектігін атап өтті. Оның пікірінше, егер ер адамның жақындары әу бастан қарсылық танытса, мұндай қатынасқа байыппен қараған жөн.

«Ерлі-зайыпты қол ұстасып, бәрін бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айтқанын таңдап кетсе, одан не қайыр? Бұл – басы ғана. Бәрін айтсам, есеңгіреп, өмірде ешкімге сенбей кетесіздер», – деп түйіндеді Жанель Мақажан.

Барлық жаңалық