Шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі ұзақ уақыттан кейін отбасымен жылап қауышты

Төреғали Төреәлі ұзақ уақыттан кейін отбасымен жылап қауышты

Біршама уақыттан бері көпшілікке көрінбей кеткен танымал әнші Төреғали Төреәлі ел алдына қайта шығып, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі отбасына тосынсый жасап, үйіне алдын ала ескертпестен келген. Бейнежазабадан әкесін сағынған балалардың ерекше қуанышын еөруге бодады. 

Әншінің балаларымен қауышқан сәті әлеуметтік желі қолданушыларының да көңілін босатты. Желіде көпшілік жылы пікірлерін жазып, әншіге өнерден алыстамауды тіледі.

«Бақытты болыңдар», «Қандай әке екені көрініп тұр», «Төреғали сонда қайдан келген?», «Қандай керемет сәт», «Жандарым», «Тіл-көзден аман болсын», «Көпбалалы әке», «Кәусар да әкесінің алдынан жүгіріп шықсын», «Балаларының қызығын көрсін», – деп жазды олар.

Айта кетейік, әлеуметтік желідегі оқырмандардың жазуынша, Төреғали Төреәлі біраз уақыт ем қабылдап, кейін отбасына оралған.

Барлық жаңалық