Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әнші Жазира Байырбековаға батасын берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесінің сөзінше Тұрсынбаеваның аузы дуалы.
"Бір кезде Айекем маған: «Жазира қыздың анасы бол», деп өлең шумақтарын арнап еді. 9-10 айдан кейін қызды болдым. Содан бері «Айнұрдың аузы дуалы екенін жиі байқап жүрмін Айекем, жақсы тілегің қабыл болсын", - деп жазды Байырбекова.
Айнұр Тұрсынбаева Жазираға "10 немеренің әжесі бол!", - деп ізгі тілегін білдірді.