Қоғам

«Бала емес, сатып алған франшиза»: Алагөзовтің әйелдері желіде бет жыртысты

«Бала емес, сатып алған франшиза»: Алагөзовтің әйелдері желіде бет жыртысты

Продюсер Баян Мақсатқызы жұбайы Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ләйсирә Мараттың суррогат анадан туған балалар туралы айтқан пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Бұған дейін Ләйсирә Марат суррогат ана көмегімен дүниеге келген баланы франшизамен салыстырған еді.

«Суррогат анадан туған баланы франшизамен салыстыруға болады. Оны басқа біреу дүниеге әкеледі, ал сен сатып алып, жалғастыра аласың. Бірақ ол сенің балаң емес. Сен оны жай ғана өсіресің», – деген болатын ол.

Осыдан кейін Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде видео жариялап, франшизаға қатысты айтылған сөзге жауап қайтарды. Продюсер төрт баланы дүниеге әкелгенін айтып, бизнестегі барлық жобасы өзінің идеясы мен зияткерлік еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

«Мені өте фертильді әйел деуге болады: бизнесте де, бала мәселесінде де. Төртеуін дүниеге әкелдім, бәрі талантты, әдемі. Сондықтан менің фертильділігім өте жоғары, әсіресе бизнесте, тек онда ғана емес. “Бұл – менің идеям” деп бос сөз айтпаймын. Барлық идеямды жүзеге асырамын. Мыңдаған идеямның біреуі күн сайын шындыққа айналып жатады. Біз франчайзингпен жұмыс істемейміз, франшиза сатып алмаймыз. Барлығы өз ойымыздан туған, барлығы – зияткерлік еңбек. Билеттер бір күннің ішінде сатылып, sold out болды. Міне, 20 жылдық еңбектің өтеуі. Сондықтан, достар, ешқандай бос сөз жоқ», – деді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ продюсер осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, кезіндегі шағын идеяларының бүгінде ірі жобаларға айналғанын айтты.

«Барлығы нақты, барлығы – дәлелді. Зияткерлік еңбектің бас демеушісі. Қазір отырып, осының бәріне сүйсініп отырмын. 20 жыл ішінде қаншама дүние жасалды. Бұл бос сөз емес, шынымен атқарылған жұмыстар. Бір кездері “Кешьюдің” ең керемет концертін өткізу кішкентай ғана идеям болатын. Мен жай ғана бос сөйлегенді ұнатпаймын. Менің барлық идеям әрдайым шындыққа айналады», – деді продюсер.

Барлық жаңалық