Әнші Алтынай Жорабаева өзінің сұхбатында бірінші күйеуінің не үшін ұзату тойға қатыспағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бірінші күйеуінің қыздарына құшақ ашпайтынын ашық айтып, қазіргі жолдасының төріне Әбдіхалықовты шығара алмайтынын жеткізді.
"Тойда бой көрсетпейді. Басында қыздар біраз барып, жағдайын сұрап жүрді. Енді ол өзі сұрамаса оған қайта-қайта барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жағдай сұрамағаннан кейін не істейміз оны? Одан кейін мен жолдасыма күйеуге шығып кеткеннен кейін тіпті әкелік махаббатты жақсы бергені соншалық қыздардың өзі бір жылға жетпей сізді "папа" деп айтсақ бола ма, деп жылатқан. Жамандағаным емес, бірақ шынымен әке мейірімін сізден көріп отырмыз, деді. Содан кейін мен балаларыма не істеу керегін айтпаймын. Өзі іздемесе, көмектеспесе, жағдайын сұрамаса, біз оған жалына бермейміз. Сәбит неге келмейді, деген сұрақтар болып жатыр. Мен айтамын: бәрін Әлішердің өзі жасап жатырғанда биологиялық әкесі екен деп төріме, Әлішердің дастарханына отырғызып қоймаймын ғой. Әлішердің сезімі маған маңызды, басқа ешкімнің сезімі маған маңызды емес. Егер өзі хабарласып, балаларына қамқорлық көрсетіп мен араластырмай қойсам, онда ақымақтық болар еді. Менде ондай жоқ. Қыздар: өзі бізге жақындамаса, бізден қандай мейірім күтеді, дейді. Аман болсын, өзімен өзі бақытты болсын деңдер деп тілеңдер деймін қыздарыма. Ол үйленгенде дәретімді алып, намазымды оқып, бақыт тілеп, дұға жасап, құрбан, садақамды берген адаммын. Ренжімеу керек. Сондай өмірден өтпегенде Әлішерді бағаламас едім. Бәріне ризамын сол үшін. Әр нәрсенің қайыры бар. Оған ренжімеймін, төрт қыз тудым. Қыздар өздері қалап тұрған жоқпын. Барыңдар дегенімде маған қатты ренжіген. Бізді ол жаққа неге тыға бересіз, папамның көңілі маңызды емес пе деген. Құшағын жайып қарсы алмағаннан кейін сүмірейіп барғым келмейді, бізде де намыс бар деп қыздарым айтқанда қатты ұялып қалдым", - деді Жорабаева.