Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы тағы да жұрт назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл жолы оның туған күн кешінде билеген видеосы әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыға түсті.
Бұған дейін орамалын шешіп, жаңа образымен көпшілікке көрінген Сымбаттың биін желі қолданушылары әртүрлі қабылдады.
«Осы үшін жас кезде орамал тақпау керек», «Билесін, жас қой», «Өзіне жарасып тұр», «Мына жүрісі ұят екен», «Еркектердің көзінше бұраңдағаны несі?», «Орамалын осылай жүру үшін шешкен екен ғой», «Кезінде қатты қысылған сияқты» деп жазды оқырмандар.