Шоу-бизнес

Жәнібек Әлімханұлы иеленбеген WBC белбеуін Димаш Құдайберген алды

Жәнібек Әлімханұлы иеленбеген WBC белбеуін Димаш Құдайберген алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белбеуі берілді. Марапаттау рәсімі 19 қарашада Мексиканың астанасы Мехикода өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Белбеуді әншіге WBC ұйымындағы Қазақстан өкілі Әлихан Жарылғапов пен ұйым өкілдері Эктор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман және Виктор Сильва табыстады.

Құдайбергенді марапаттау туралы ұсынысты WBC президенті Маурисио Сулейман жасаған. Алайда денсаулығына байланысты ол салтанатты рәсімге қатыса алмаған.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай құрметті белбеу өте сирек беріледі. Димаш Құдайберген әлемдік музыка кеңістігінде мойындалған өнер иесі әрі ұстанатын құндылықтары арқылы көпшіліктің ықыласына бөленген тұлға ретінде марапатталған.

Кездесу барысында спорт пен музыканың халықтарды жақындастырудағы рөлі, сондай-ақ әншінің Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлескен жұмысы талқыланған.

Айта кетейік, WBC чемпиондық белбеуін әр жылдары Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Рой Джонс және Флойд Мейвезер иеленген. Қазақстандық Геннадий Головкин де орта салмақта осы ұйымның нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған.

Ал құрметті марапаттар рингтен тыс жетістіктері үшін де табысталады. Мұндай марапатқа Нельсон Мандела мен Турки Әл аш-Шейх те ие болған.

Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC нұсқасы бойынша әзірге әлем чемпионы атанбаған. Оның 2027 жылғы 23 қаңтарда WBO тұжырымы бойынша титул үшін жекпе-жегі жоспарланған.

Барлық жаңалық