Қоғам

«Арыстандай өмір сүріп, арыстандай кеттіңіз»: Ақтөбеде оққа ұшқан кәсіпкердің ұлы жазба жариялады

«Арыстандай өмір сүріп, арыстандай кеттіңіз»: Ақтөбеде оққа ұшқан кәсіпкердің ұлы жазба жариялады

Ақтөбеде көршісінің қолынан қаза тапқан кәсіпкер Айболат Жисовтің ұлы әкесіне арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Марқұмның ұлы әкесінің соңғы сәтке дейін отбасын қорғауға тырысқанын атап өтті.

«Әкем мен үшін әрқашан үлгі тұтар ең асыл жан болды. Ол маған қиындыққа мойымауды, тағдырдың соққысына төтеп беруді және өмірдің әр сәтін бағалауды үйретті. Ең ауыр сәтте де отбасын қорғау үшін өз өмірін қиды. Әке, Сіз мен үшін әрқашан батыр болып қаласыз. Арыстандай өмір сүріп, арыстандай кеттіңіз. Сіздің жақсылығыңыз бен игі істеріңіз ешқашан ұмытылмайды», – деп жазды Әнуар Тобанияз.

Жазба көпшіліктің жүрегін толқытып, желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, қолдау білдіріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жанармай құю бекеттері желісінің басшысы өз үйінде атып өлтірілгені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 16 қараша күні болған. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған адам кәсіпкердің көлігі мен құнды заттарын алып кеткен.

Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ұсталғаны хабарланды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Барлық жаңалық