Телеарна «Ой тұмар» жобасының жүргізушілері Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы, Ақмоншақ Нұртаза екенін айтты, деп жазады Ozgeris.info.
Дина Төреәлі, Лаура Лесбек, Риза Данияр аптасына бір рет шығатын негізгі спикерлердің бірі ретінде қарастырылған.
«Жоба әр түрлі буын өкілдерінің пікірін жеткізуге арналған. Алдағы уақытта жасөспірімдерден бастап, аға буынға дейінгі көрермен бағдарламаға қонақ болады, барлық буынның көзқарасына орын беріледі», - деп хабарлады телеарна.