Германияның ондаған қаласында оқушылардың жаппай наразылық акциялары өтеді. Deutsche Welle (DW) басылымының хабарлауынша, елдің кемінде 73 қаласында шерулер ұйымдастыру жоспарланған,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Акцияларды түрлі оқушылар бірлестіктері ұйымдастырып отыр. Наразылық білдірушілер әскерге міндетті шақыру жүйесінің қайта енгізілуіне және өмір сүру құнының өсуіне қарсы. Сонымен қатар олар білім беру мекемелерін қаржыландыруды арттырып, климатты қорғау шараларын күшейтуді талап етеді.
Билік пен акция ұйымдастырушылары бұл жолы да қатысушылар саны көп болады деп күтіп отыр. Бұған бұған дейінгі наразылықтардың шиеленіскен жағдайда өтуі себеп.
Атап айтқанда, 31 қазанда өткен шерулер кезінде қатысушылар мен полиция арасында қақтығыс болып, кейбір жерлерде тонау оқиғалары тіркелген.