Актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аманның жаңа әні әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнге қатысты туындаған талқылаудан кейін оның мәтінін жазған ақын Айдана Сегізбаева арнайы мәлімдеме жасап, туындының Олжас Абай мен Дариға Бадықоваға еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.
«Бұл әннің Олжас Абайға да, Дариға Бадықоваға да қатысы жоқ! Өлең ретінде ертеректе жазылған. @aigerim_syrlybayeva парақшамнан көріп, әуенін жазып, орындауға @aiora_singer-ге ұсындық. Бұл ән өмірдің қиындықтарымен күресіп, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға арналған. Сондай-ақ әйелімен ажырасқан соң баласынан да теріс айналып, бір бөлке нан мен бір шұлық алып беруге жауапкершілік танытпайтын әкелерге арналған. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда мұндай әкелер аз емес. Әнді олардың естіп, ой түйіп, намыстанып, балалары алдындағы жауапкершілігін сезінсін деген ниетпен жаздық. Сондықтан бірден өсек таратуға асықпаңыздар», – деді ақын.
Желі қолданушылары әнді жылы қабылдап, өз пікірлерін білдірді.
«Баласына ана бәрін әперер,
Уақытпенен маңдай тері өтелер.
Қартайғанда келмесе екен пайда іздеп,
Баласымен ажырасқан әкелер.
Бұзылғанда аппақ адал некелер,Бөтен болып шығады ма бөпелер.
Қалай ұйықтап жатырсыңдар уайымсыз,
Баласымен ажырасқан әкелер»,– делінген әніннің мәтінінде.
«Жүрекке жетті», «Бүгінгі күннің ащы шындығы», «Жігіттер, ажырасатын болсаңдар, үйленбеңдер», «Баланың тағдыры ойыншық емес», «Дауысы сондай жағымды, жылап қалдым», – деп жазды оқырмандар.