Шоу-бизнес

"Есімді енді жидым": Алтынай Жорабаева тойдан кейін сұмдық хәлге түскенін айтты

"Есімді енді жидым": Алтынай Жорабаева тойдан кейін сұмдық хәлге түскенін айтты

Әнші Алтынай Жорабаева тойдан кейін жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қызын ұзатқан ол сырқаттанып қалғанын жасырмады. 

"Тойдан кейін мазам болмай, ауырып қалыппын. Мұздай су мүлдем ішпеймін. Бірақ тамағым ісіп, дауысым әрең шығып. Есімді енді жиып жатырмын. Қазір ғана телефонымды қолға алып, келінім Аяудың салған посттарын қарап отырмын. Осынша әдемі естеліктерді көріп, бар шаршағаным ұмытылып кеткендей болды", деп жазды әнші. 

Сонымен қатар әнші ұзату тойына ат салысқан келініне алғыс айтты. 

"Аяулым келінім, “Әпке, ренжімеңізші. Мобилограф түсіріп жатқанда телефоны қызып, өшіп қалыпты. Сіздің арнайы түгелдетіп беріп жіберген бірталай киімдеріңіз сол себепті видеоға түспей қалыпты”, – дейді. Жаңа ғана осы видеоны көріп шықтым. Ештеңе етпейді. Бәрі тамаша шыққан! Халық та қаншама жақсы пікір жазып жатыр екен. Мен де қатты ұнатып, өз парақшама бөлісіп қойдым. Қыз жасауындағы киімдердің әрқайсысына арнайы салынатын қораптарға да алдын ала тапсырыс берген едім. Басында «қажеті жоқ шығар» деп, тіпті қаламағанмын. Қазір қарап отырсам, өте әдемі көрінеді екен. Әр дүниені жинақы, сәнді етіп көрсетіп, қыз жасауының сәнін одан сайын аша түскендей", деді Алтынай Жорабаева. 

Барлық жаңалық