Жаңалықтар

Үш адам ауруханаға жеткізілді: Атырауда сұмдық жол апаты болды

Үш адам ауруханаға жеткізілді: Атырауда сұмдық жол апаты болды
Атырау облысының Құлсары қаласында жолаушылар автобусы мен арнайы техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Zakon.kz мәліметінше, апат сәті өтіп бара жатқан көліктің видеорегистраторына түсіп қалған. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Видеодан арнайы техниканың бұрылу маневрін жасап жатқанын көруге болады. Сол сәтте оның металл конструкциясының бір бөлігі жол бойымен келе жатқан автобустың алдыңғы әйнегін тесіп өтіп, салонның ішіне кіріп кеткен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның ресми мән-жайын хабарлады.

"Махамбет даңғылында Yutong автобусы мен арнайы техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық