Қоғам

«Үйден кетіп қалдым»: Гүлнұр Оразымбетова күтпеген жазба жариялады

«Үйден кетіп қалдым»: Гүлнұр Оразымбетова күтпеген жазба жариялады

Әнші Гүлнұр Оразымбетова желідегі парақшасында өткеніне көз жүгіртіп жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол өзінің оқуға түскенін еске алды. 

"Мен алғаш рет 9-сыныптан кейін оқуға түсемін деп, үйден кеттім... Жалғыз өзім… Алдымда не күтіп тұрғаны беймәлім… Бар сенгенім білімім.. өнерім… Кровать төсектің астындағы дәу қара чемоданға екі-үш киімімді салып, кеттім де қалдым. Әкемнің қарындасы Шамшырақ апам күтіп алып, оқуға құжат тапсырдым. 1 балл жетпеді… Ауылға қайтқым жоқ… Не болса да, колледж директоры Әлима апайды коридорда күтіп, келе жатқанда домбырамен ән айттым… барымды салып.. 
Кабинетіне шақырды... Оқуға қабылдандым... Колледждің үздік те, өнерлі студенті болдым... Ән айтатын барлық есіктер ашылды... Ән айтатын өнерімнің арқасында елге танылдым.. Сондағы бір ғана адамның себепкер болғанының арқасында...", деп жазды өнер иесі. 

Барлық жаңалық