Қоғам

Ақтөбе облысындағы көпір құрылысына қатысты түсініктеме берілді

Ақтөбе облысындағы көпір құрылысына қатысты түсініктеме берілді

Ақтөбе облысындағы Жем өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты түсініктеме берілді. Бұған Telegram-дағы Kazachkov арнасында жарияланған видеоматериал себеп болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ресми мәліметке сәйкес, видеодағы кадрлар «Жем өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу» нысанында түсірілген. Алайда көпір қазіргі уақытта пайдалануға берілмеген және онда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.

Жұмыс барысында ұзындығы 42 метр болатын ВТК-42 темірбетон арқалықтарын монтаждау жүргізілген. Монтаж кезінде арқалықтардың бірінен ақау анықталған. Осыған байланысты оны ауыстыру туралы шешім қабылданған.

Ақаулы арқалық көпір конструкциясында әрі қарай пайдалануға жіберілмей, бөлшектеліп, кейін кәдеге жаратуға жөнелтілген. Жарияланған видеода дәл осы арқалықты демонтаждау және кәдеге жарату процесі көрсетілген.

«Видеода көрсетілген жағдай дайын көпірдің пайдалануға берілгеннен кейінгі күйі емес, құрылыс жұмыстарының технологиялық процесінің бір бөлігі», – делінген түсініктемеде.

Сондай-ақ «СЕрВИС НС» ЖШС қолданылатын материалдар мен орындалатын жұмыстардың сапасын жобалық құжаттама және қолданыстағы құрылыс нормалары талаптарына сәйкес бақылап отырғанын хабарлады.

Компанияның мәліметінше, материалдан ақау немесе белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда, ол әрі қарай пайдалануға жіберілмейді және белгіленген тәртіппен ауыстырылады.

Барлық жаңалық