Жаңалықтар

Астанада максималды жылдамдық шектеуі өзгеретіні туралы хабарлама тарады

Астанада максималды жылдамдық шектеуі өзгеретіні туралы хабарлама тарады

Әлеуметтік желіде бүгін түнгі 00:00-ден бастап жолдағы максималды рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болып өзгертілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ozgeris.info 

«Жылдамдықты 68, 69 немесе 75 км/сағ деңгейіне дейін асырған жағдайда, бұл факт бейнебақылау камераларымен тіркеліп, автоматты түрде 19 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, артық шығынға ұшырамауыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Астана қаласы Полиция департаментінен желіде тараған ақпараттың рас‑жалғанын жариялауды сұраймыз.

Барлық жаңалық