Қоғам

Астанада ер адам әйелін, кейін өзін пышақтап өлтірді

Астанада ер адам әйелін, кейін өзін пышақтап өлтірді

Астанада 55 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезіне 53 жастағы әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзі де суицид жасаған. Қайғылы оқиға 14 және 12 жастағы балаларының көз алдында болған, деп хабарлайды Ozgeris.info

Астана қаласының Полиция департаменті адам өлтіру және суицид бойынша қылмыстық іс қозғаған. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйелін пышақтаған. Кейін өзі де пышақ жарақатын алған.

Жарақат салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық