Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткеннен кейінгі әрекеті туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
– Сіз тұңғыш президенттің қызметін, оның елге сіңірген тарихи еңбегін әділ бағалау қажеттігін бірнеше рет айттыңыз. Көпшілік мұндай ұстанымның орынды екенін біртіндеп түсіне бастады. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлымен жиі хабарласып тұрасыз ба? – Кез келген дәуірдің жақсы жағы да, көлеңкелі тұстары да бар. Біздің жаңа тарихымызда жарқын сәттер әлдеқайда көп болды. Бұл – ақиқат. Салыстырмалы түрде алғанда, қысқа мерзім ішінде мемлекеттігіміздің берік тұғыры қалыптасты, билік институттары құрылды, жаңа астанамыз бой көтерді, шекарамыз шегенделіп, заң жүзінде бекітілді. Көптеген елмен тиімді қарым-қатынас орнатылды, экономикаға шетелден инвестиция тартылды. Осы жетістіктің бәрін жоққа шығару дұрыс болмас еді. Біз әділетті мемлекет құрамыз десек, тарихқа да, оны жасауға атсалысқан азаматтарға да әділ қарауымыз керек. Мұның бәрі, түптеп келгенде, ұлттың болашағы үшін қажет. Өткенді ой елегінен өткізіп, оны әділ әрі шынайы бағалай алмасақ, алға сеніммен қадам баса алмаймыз. Саяси ахуалдың ықпалымен өз тарихыңды көпе-көрінеу бұрмалай беруге болмайды. Ел шежіресін басынан бастап қайта жазу тіпті қауіпті. Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жыл бойы ел тізгінін ұстаған уақытта кемшіліктер болды. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Ашығын айту керек, ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Мұны да айта кеткен жөн. Үнемі Премьер-Министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін. Бұған өз азаматтарымызды былай қойғанда, шетел басшылары мен дипломаттары да таңдана қарайтын. «Назарбаев қызметінен кеткен соң тіпті жоғарылады, енді Президент те оған бағынады» деген әзіл әңгіме де пайда болды. Ал, шын мәнінде, бұл әзілдейтін жағдай емес еді. Бұл жағдай қосарланған билік туралы алып қашпа әңгіменің өршуіне әкеп соқты. Шенеуніктер де кабинеттен кабинетке жүгіріп, кімнің тапсырмасын орындайтынын білмей дал болатын. Ол аз десеңіз, кейбір шенеуніктер «Елбасы институты Президент билігінен жоғары тұруға тиіс» деп, ақылға сыймайтын жағдайды заң жүзінде негіздемек болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, өзінің Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуін және бұрынғы президенттің сол жылы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің саммитіне қатысуын нағыз билік дағдарысына әкеп соқтырған негізгі оқиғалар деуге болады. Соның алдында ғана жергілікті бір саясаттанушы оған «Елбасының алтын дәуірін» қалпына келтіру үшін батыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып, арандатушылық мазмұндағы хат жолдаған еді. Алайда қазір парасаттылық танытып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген тарихи еңбегін лайықты бағалау керек. Мен Президент ретінде мемлекет мүддесін басшылыққа алуға, ел бірлігін бәрінен биік қоюға міндеттімін. Сіздің сұрағыңызға келсек, қазір біз шамамен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз. – Жақында тұңғыш президенттің Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесуін жұртшылық сан-саққа жүгіртті. Биліктен кеткеннен кейін бес жылдан соң бұлай жүздесудің ақылға сыймайтыны айтылды. Қазақстанда алдағы уақытта Президент сайлауы өтеді-міс деген болжамдар да пайда болды. Мұндай кездесу кімге және не үшін қажет, бұған кім бастамашы болды? Сіздің пікіріңізді білсек. – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды, деді Мемлекет басшысы.-
БЖЗҚ-дағы үлкен өзгеріс: 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарды не күтіп тұр11:59, 05 тамыз 2026
-
Ақтауда жасөспірімдер мектеп оқушысын соққыға жығып, видеомен қорқытқан (ВИДЕО)11:57, 05 тамыз 2026
-
Діни алауыздықты қоздырды: Жетісайда тойда айтылған тілек үшін қылмыстық іс қозғалды11:06, 05 тамыз 2026
-
"Бағдагүл мені танымаймын деді": Динара Сәтжан соттан кейін мәлімдеме жасады11:04, 05 тамыз 2026
-
Путиннің шешімі: енді бұрын сотталған мигранттар Ресей азаматтығын ала алмайды10:44, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
-
«Екінші Перизат Қайрат»: Ырысбалаға қатысты даулы мәлімдеме тарады15:26, 04 тамыз 2026
-
“Әртістер неге депутат бола алмайды?”: Баян жиені Аша Матайды қорғады (ВИДЕО)18:43, 04 тамыз 2026
-
"Нұрланды тастады ма?": Қалаубаева Қанат Әлжаппаровпен көзге түсті (ВИДЕО)15:00, 04 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
"Крышам жоқ!": Меруерт Түсіпбаева неге депутат болмайтынын айтты (ВИДЕО)17:00, 04 тамыз 2026
-
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026