Әнші Алтынай Жорабаева су жаңа құдаларын көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қызын ұзатқалы жатқан ол жаңа құдаларына есік көрсетті.
"Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!", деп жазды ол.
Желі қолданушылары екі жасқа ақ тілегін арнап, түрлі пікір арнады. Олардың арасында әншінің бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты сұрап жатқандар да бар.
"Туған әкесі тойға келе ме? Екі жас бақытты болсын", "Шашуды еркек шашпайды", "Құтты болсын", "Кім кімге құда түсіп жатыр өзі", деді олар.