Танымал асаба Сабыржан Түзелбаев 33 жыл бойы мал баққан қарияға жылқы сыйлайтынын мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Асаба жариялаған жазбасында:
“Аз да болса көптей көріңіз, Атау.
Жақын арада жеткізіп беремін бұйыртса. Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, Қазақ елім. Қатемді кешіріңіздер”, – деді.
Еске салайық, соңғы күндері Сабыржан Түзелбаев әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жүр. Оның тойда айтқан әзілдері қоғамда қызу пікірталас тудырып, көпшіліктің сынына ұшыраған болатын.