Психолог Ирина Раззах блогер Ырысбалаға қатысты пікір білдіріп, қолда бар құжаттар негізінде оны сотқа беруге болады деп мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.
Айтуынша, Ырысбала блогер Диананы өзі туралы жалған ақпарат таратты деп сотқа берген. Алайда сот процесі барысында талапкердің банк есепшотынан үзінді көшірме алуға рұқсат берілген. Психологтың сөзінше, сол құжаттардан кейін істің мән-жайы өзгеше сипат алған.
«Ырыбала жөніне қарамай өтірік ақпарат таратты деп Диананы сотқа берді. Содан екеуі соттаса келе, сот Ырысбаланың банк выпискасын шығаруға рұқсат береді. Ол жердегі ақшаларды көрген кезде шогым шок болды. Өздері сауатсыз ғой, 2023 жылға дейін өзінің есепшотына алған. Ол жерге енді өте қомақты ақша түскен. Бір адамға үйді уақытылы алып бермеген, мектебі жоқ, адам бармайтын жерден лашық алып берген. Оның ақшасы алып берген үйінен өте көп. Тұрсын Алагөзовтің өзі шок болатын шығар ана ақшаны көрсе. 2023-те бәрін жаптым, тыныш болады деп ойлаған шығар. Блогерлер Айнұр Тұрсынбаевадан үйрену керек еді. Ешкімді түрткен жоқ. Ал Диана жеңіп шықты. Выписка шығып кетті, оның ақпараты дұрыс болды. Сол арқылы Ырысбаланы сотқа берсе де болады. Себебі дәлел бар», – деді ол.
Психологтың айтуынша, сот барысында алынған банк үзінділері Диананың мәліметтері шындыққа сәйкес келгенін көрсеткен. Осыған байланысты ол аталған құжаттар Ырысбалаға қатысты сотқа жүгінуге негіз бола алады деген пікір білдірді.