Қоғам

Діни алауыздықты қоздырды: Жетісайда тойда айтылған тілек үшін қылмыстық іс қозғалды

  Діни алауыздықты қоздырды: Жетісайда тойда айтылған тілек үшін қылмыстық іс қозғалды

Жетісай ауданындағы тойлардың бірінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 Түркістан облысының 66 жастағы тұрғыны той үстінде діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдеме жасаған. Осы фактіге байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі желіге жүргізілген мониторинг барысында бұл бейнежазбаны бірден назарға алып, заң шеңберінде шара қолдануды бастады. Аталған жағдайға қатысты ведомство ресми ескерту жасап, Ата заңымыз — Конституция бойынша елдегі әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, діни көзқарасына қарамастан құқықтары мен бостандықтары тең екенін атап өтті.

Сондай-ақ ІІМ кез келген адамның ар-намысына тиюге, оны кемсітуге бағытталған шақырулар мен қоғамдық келісімге нұқсан келтіретін әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертті. Тәртіп сақшылары сөз бостандығы заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын, сондықтан заң талаптарын бұзған кез келген жария мәлімдемеге принципиалды түрде құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Барлық жаңалық