Қоғам

«Аузына келгенін айтты»: Нұрай Серікбайдың ағасы сотталушының туыстары жайлы масқараны жайып салды (ВИДЕО)

  «Аузына келгенін айтты»: Нұрай Серікбайдың ағасы сотталушының туыстары жайлы масқараны жайып салды (ВИДЕО)

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай төртінші сот отырысы өте ауыр өткенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Процесс өте ауыр болды. Ата-анамыз қатты қиналды. Себебі сотталушының тарабы Нұрай жайлы аузына келгенін айтты. Сотталушының жеті туысы келді. Біреуі де бізге көңіл айтпады. Оның ішінде ата-анасы, ағасы, туыстары бар. Олардың барлық сөзі жаттанды болды. Сот залындағы 40  адамды шаршатты. Өтірікті айтты», - деді Сұлтан Серікбай.

Ал отбасылық адвокат тергеушінің сөздеріне күмән келтірді.

«Ол солардың сөзін сөйлеп тұрғандай болды. Бүгін біз қатты шаршадық. Осының барлығын толық жеткіземіз», - деді қорғаушы.

 Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Нұрай Серікбайды Шерхан Аймахан атты жас жігіт пышақтап өлтірген еді. Ең сорақысы, марқұм қыз қыр соңынан қалмаған жігітке қатысты құқық қорғау органдарына арыз жазған. Бірақ, жергілікті полиция мен прокуратура арызға мән бере қарамаған. 

Барлық жаңалық